Лицензия және лицензия терминологиясы

2-1. Лицензия және лицензия терминологиясы

2-2. Лицензия алу және беру тәртібі

2-3. Қазақстандағы лицензиялардың түрлері

2-4. Алынған немесе сатып алынған лицензияның күшін жоюы

3. Қорытынды

4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Рұқсат құжаттары жеке және заңды тұлғаларға белгілі бір қызмет түрімен айналысу немесе білгілі бір әрекеттер жүзеге асыру құқығын береді. Рұқсат жүйесі саласында негізгі нормативтік-құқықтық акті болып Лицензиялау туралы ҚР Заңы табылады, аталған Заң егер Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген өнімге қойылатын талаптар, өнімдер мен үдерістердің жеке түрлерінің сәйкес болуын міндетті растау бойынша талаптар мемлекеттік әкімшілендіру мақсаттарына жету үшін жеткіліксіз, ал әсіресе — тұрғындардың қауіпсіздігін, денсаулығын және өмірін қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз болған жағдайларда қызметтің жеке түрлерін лицензиялау кезінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне мейлінше қатал талаптарды болжайды. Бұл ретте кәсіпкер лицензия иесіздендірілмейтін болып табылатынын, лицензиаттың басқа жеке немесе заңды тұлғаға лицензияны бере алмайтынын және лицензияның қолданысқа енгізілуі Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген жағдайлардан басқа, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралады. Жеке кәсіпкерлік субъектілері білуі тиіс негізгі түсініктер:

  • Лицензия — тиiстi лицензиардың жеке немесе заңды тұлғаға қызметтiң жекелеген түрiмен айналысуға беретiн рұқсаты;
  • лицензиар — лицензиялауды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган,өтiнiш берушi — лицензия беру және (немесе) лицензияға қосымша беру туралы тиiстi лицензиарға өтiнiш жасаған жеке немесе заңды тұлға;
  • лицензиат — лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға;
  • лицензияланатын қызмет түрi — айналысу үшiн лицензия алу талап етiлетiн қызмет түрi (белгiлi бiр iс-әрекет (операция, сақтандыру сыныптары);
  • лицензияланатын қызмет түрiнiң кiшi түрi (бұдан әрi — қызметтiң кiшi түрi) — тиiстi қызмет түрiн бiр лицензия шеңберiнде нақтылау;
  • лицензиялау — лицензияларды беруге және қайта рәсiмдеуге, лицензиаттардың тиiстi талаптарды сақтауын лицензиарлардың бақылауды жүзеге асыруына, лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұруға және қайта бастауға, лицензиялардан айыруға байланысты iс-шаралар кешенi;
  • лицензиялық бақылау — лицензиардың Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын лицензиаттардың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған қызметi;
  • бiлiктiлiк талаптары — өтiнiш берушiнiң жекелеген лицензияланатын қызмет түрiмен және (немесе) лицензияланатын қызмет түрiнiң кiшi түрiмен айналысу қабiлетiн сипаттайтын сандық және сапалық нормативтер мен көрсеткiштердiң жиынтығы;
  • бiрыңғай технологиялық процесс — лицензияланатын бiр қызмет түрiнiң шеңберiнде өндiрiс процесiнде орындалатын технологиялық өзара байланысты және дәйектi iс-қимылдар (жұмыстар) жиынтығы;
  • жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау — лицензия беру арқылы мониторингін жүргізу мақсатында белгiленген шара;
  • электрондық лицензия — қағаз жеткiзгiштегi лицензияға тең, ақпараттық технологияларды пайдаланыла отырып рәсiмделетiн және берiлетiн электрондық құжат нысанындағы лицензия. [1]

Лицензия (лат. licentia — рұқсат, құқық), рұқсатнама — экспортты‚ импортты және валюта қозғалысын бақылау мақсатымен экспорт-импорт операцияларын жүзеге асыруға мемлекет беретін рұқсат. 1.Мемлекеттік органдар әлдебір саладағы қызметпен аиналысу құқығын беретін рұқсат.

4 стр., 1515 слов

Роль и место лицензий в международном технологическом обмене

... определить некоторые перспективы данной отрасли. 1. Роль и место лицензий в международном технологическом обмене 1.1. Формы и методы обмена технологией Технологический обмен классифицируется по:1 объектам обмена (патенты, ноу-хау, услуги, связанные с ... В сферу технологического обмена вовлечены все важнейшие формы человеческой деятельности (наука, техника, производство, управление), начиная ...

2.Мемлекеттік органдардың сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруға беретін рұқсаты. Жеке тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша белгілі бір мерзімде қолданылатын экспорттық-импорттық операцияларға бақылау орнату нысанының бірі.

3.Жеке адамдар немесе ұйымдарға патентпен, техникалық біліммен, тәжірибе, өндірістік құпия, сауда маркасымен қорғалған өнертапқыштықты пайдалануға рұқсат беретін құжат.

Лицензия нысаны — лицензиялық келісім бойынша берілетін техниканың немесе технологияның нысаны. Лицензиялық жүйе — тауарлардың әкелімі мен әкетілімін ұйымдастыру нысандарының бірі. Мұнда импортшы немесе экспортшы өзінің тауарларының әкелімі немесе әкетілімі құқығын сатып алу үшін жазбаша рұқсат (лицензия) алуға тиіс, бұл орайда, лицензиялық алым алынатын болса, осы алымды төлейді. Лицензиялық келісім — лицензияларды, «ноу-хауды», тауар белгілерін, т. б. пайдалану құқығын беру туралы келісім; Бұл келісімде патенттік лицензия беру; бірнеше патентті және олармен байланысты «ноу-хауды» кешенді түрде беру көзделуі мүмкін. Лицензиялық паспорт — нысанды лицензиялық келісімшарт бойынша шетелдік сатып алушыға сатудың заңдылығын негіздейтін құжат. Онда лицензия пәніне қатысты техникалық құжаттардың көлемі; ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға қажет шығындар; лицензия нысанына кіретін өнер табыстар мен өнеркәсіп нысандарын патенттеу туралы мәліметтер және т.б. болады. Лицензиялық төлемақы заңды немесе жеке тұлғаның меншік иесіне немесе бір нәрсені жасаушыға (авторына) осы меншікті коммерциялық мақсатта пайдалану құқығы үшін ақы төлеуі.

Лицензия алу үшін жеке кәсіпкерлік субъектісі қандай құжаттар ұсынуы тиіс? Лицензияны және лицензияға қосымшаны (лицензияланатын қызметтiң кiшi түрлерi болған жағдайда) алу үшiн мынадай құжаттар қажет: 1) өтiнiш; 2) заңды тұлға үшiн — Жарғының (экспорт және импорт операцияларын қоспағанда) және өтiнiш берушiнiң заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмелерi; 3) жеке тұлға үшiн — жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi; 4) дара кәсiпкер үшiн — өтiнiш берушiнiң дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркелуi туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi; 5) өтiнiш берушiнiң салық органында есепке тұрғаны туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi; 6) қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжат; 7) бiлiктiлiк талаптарына сәйкес мәлiметтер мен құжаттар.[2]

3 стр., 1302 слов

Сертификаттау туралы жалпы түсінік

... сертификаты –мемлекеттік сертификаттау жүйесінің ережелері бойынша берілген, өнімнің, жұмыстың, техникалық регламенттердің, стандарттардың немесе өзге де нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін көрсететін құжат. Сертификаттау туралы ...

Лицензия қандай мерзімде беріледі? Лицензияны белгіленген уақытта алмағанда, кәсіпкер не істеуі керек? Лицензиялау туралы ҚР Заңының 43 бабына сәйкес Лицензияны және лицензияға қосымшаны лицензиар отыз жұмыс күнiнен кешiктiрмей, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей бередi. Лицензиар осы бапта белгiленген мерзiм iшiнде лицензияны және лицензияға қосымшаны беруге не лицензияны және лицензияға қосымшаны беруден бас тартудың себептерi туралы жазбаша түрде дәлелдi жауап қайтаруға мiндеттi. Егер лицензиар осы Заңда белгiленген мерзiмде өтiнiш берушiге лицензияны лицензияға қосымшаны бермеген немесе өтiнiш берушiнi лицензияны және лицензияға қосымшаны беруден бас тарту себептерi туралы жазбаша түрде хабардар етпеген жағдайда, осы Заңда лицензияны және лицензияға қосымшаны беру үшiн белгiленген мерзiмдер өткен күннен бастап бес жұмыс күнi өткен соң өтiнiш берушi тиiстi лицензиарды қызметтiң өзi өтiнiш берген түрiн және кiшi түрiн жүзеге асыра бастағаны туралы жазбаша түрде хабардар етедi. Кәсіпкерлер лицензиар өтiнiш берушiнiң жазбаша хабарламасын алған кезден бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей өтiнiш берушi жазбаша хабарламада көрсеткен күннен бастап лицензия және лицензияға қосымша беруге мiндеттi екенін білуі тиіс. Лицензияның беру мерзімін бұзу ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексіне сәйкес әкімшілік құқықбұзушылық болып табылады және аталған жағдайда, кәсіпкер мемлекеттік органдардың әрекетіне сотқа шағымдана алады.

Қазақстанда лицензияның қандай түрлері бар? Лицензиялау туралы ҚР Заңының 9 бабына сәйкес лицензия келесі белгілері бойынша бөлінеді: 1. Субъектiлер бойынша: 1) Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына берiлетiн; 2) шетелдiктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдiк заңды тұлғаларға және халықаралық ұйымдарға берiлетiн лицензиялар. 2. Қызмет көлемi бойынша: 1) бас қызмет — қолданылу мерзiмiне шек қойылмай қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысуға берiлетiн; 9 2) бiржолғы — рұқсат етiлген мерзiм, көлем, салмақ немесе мөлшер шегiнде белгiлi бiр шаруашылық операциясымен айналысуға (заттай не ақшалай түрде), сондай-ақ «Ойын бизнесi туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген мерзiм шегiнде ойын бизнесi саласындағы қызмет түрлерiмен айналысуға және «Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген көлем шегiнде үлескерлердiң ақшасын тарту есебiнен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөнiндегi қызметпен айналысуға берiлетiн; 3) операциялық — банк қызметiнде жекелеген операциялармен, сақтандыру қызметiнде сыныптарға жiктеумен (сақтандыру сыныптарымен) айналысуға берiлетiн лицензиялар.

Лицензия қандай жағдайда өз әрекетін тоқтатады? Лицензиялау туралы ҚР Заңының 48 бабына сәйкес лицензияның және (немесе) лицензия қосымшаларының әрекет ету мерзімінің тоқтау жағдайлары қарастырылған. Лицензияның және (немесе)