Қылмыстық кодекс

Реферат

3. Қылмыстық заңның кеңiстiкте қолданылуы

4. Қылмыстық заңның белгiлi уақытта қолданылуы

5. Қылмыстық заңды түсiндiру

1 сұрақ. Қылмыстық заның түсiнiгi

Қылмыстық заң — қылмыстық жауаптылықтың негiзi мен принциптерiн бекiтетiн, қоғамға қауiптi әрекеттердiн қайсысы қылмыс болып табылатындығын және оларды жасағаны үшiн қандай жазалар қарастырылатынын анықтайтын, сонымен бiрге қандай жағдайларда қылмыстық жауаптылықтан немесе жазадан босату мүмкiн екендiгiн белгiлейтiн заңдық нормалардан құралған мемлекеттiк билiктiң өкiлеттi органы қабылдаған нормативтi акт.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 61- бабының

тармағына сәйкес заң шығару, оның iшiнде қылмыстық заң шығару бастамасы құқығы Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттарына, Республика Їкiметiне берiледi және тек қана Мәжiлiсте жүзеге асырылады. Осы ереженi басшылыққа алып ҚР Парламентi 1997 жылдың 16-шiлдесiнде Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексiн қабылдап, ол 1998 жылдың 1 қантарында заңды күшiне ендi.

Осы қабылданған Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексiнiң 1-бабының 1- бөлiгiнде, Қазақстан Республикасының Қылмыстық заңдары тек қана осы Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексiнен тұрады. Қылмыстық жауаптылықты көздейтiн өзге заңдар оларды осы Кодекске енгiзгеннен кейiн ғана қолданылуы тиiс деп айтылған. Яғни, Қазақстан Республикасыны Қылмыстық Кодексi барлық қылмыстық заңдардың жиынтығы болып табылады.

Қылмыстық заңға мына белгiлер тән:

  • Қылмыстық заң (ҚР Конституциясымен реттелген тәртiп бойынша) мемлекеттiк билiктiң жоғары органдарымен қабылданады (заәды қабылдау процедурасы).

  • Қылмыстық заңның жоғары заңдық күшi бар. Яғни,

а) бiрде бiр органның бұл заңды өзгертуге немесе жоюға құқығы жоқ;

  • б) барлық өзге нормативтiк актiлер заңға қайшы келмеуi тиiс;
  • в) өзге нормативтiк актiлерге қайшы келген жағдайда қылмыстық заң артықшылықты иемденедi.

— Қылмыстық заңның келесi белгiсi – оның нормативтiлiгi. Қылмыстық заң өзiнiң қолданылу мерзiмi iшiнде адамдардың жалпыға мiндеттi мiнез құлқын, тәртiбiн реттейдi.

  • өзге заңдардан ерекшелiгi қылмыстық заң тек қана қылмыстық құқық саласына жатады және қылмыстық құқықтың бiрден бiр жалғыз қайнар көзi болып табылады.

Қылмыстық құқық теориясында осы құқық саласының

4 стр., 1944 слов

Қазақстан Республикасының азаматтығы

... баржарлығымен , Қазақстан Республикасының 2002.05.17. N 322 Заңымен . 4-бап. Азаматтық туралы құжат Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжат Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгi немесе Қазақстан Республикасы азаматының паспорты болып табылады. 16 жас ...

қайнар көзiн екiге бөледi: формальды жөне материалды. Қылмыстық құқықтың формальды және жалғыз қайнар көзi болып қылмыстық заң табылса, материалдық қайнар көздерiне мемлекеттiк билiктi, ҚР Конституциясын, жалпыға белгiлi халықаралық құқықтың нормалары мен принциптерiн жатқызады.

Қылмыстық заңның мiндеттерi қылмыстық құқықтың мiндеттерi сияқты өз дамуының түрлi сатыларында қоғам мен мемлекет алдында тұрған әлеуметтiк-экономикалық мәселелерден шығып қалыптасады. Бұл мiндеттер көбiнесе қылмыстылықтың жағдайы мен деңгейiне, елдегi заңдылық пен құқықтық тәртiптiң қамтамасыз етiлу қажеттiлiктерiне байланысты туындайды.

ҚР ҚК-нiә 2-бабының 1-бөлiгiнде Қазақстан Республикасы

Қылмыстық кодексiнiң мiндеттерi көрсетiлген.

Қылмыстық құқықтық қорғаудың басымдықтары халықаралық тәжiрибеге және адам, оның өмiрi мен денсаулығын, ар намысы — қадыр қасиетiн, қол сұғылмаушылығы мен қауiпсiздiгiн – жоғары әлеуметтiк құндылық деп танитын Конституцияға негiзделген. Қылмыстық-құқықтық қорғаудың бұрынғы басымдықтары нә алдымен мемлекеттiң, қоғамдық мүдденiң, содан кейiн жеке адам, оныә мүдделерiн қорғаудан шыққан едi.

Қылмыстық заңның мiндеттерi оны қалыптастыру кезеңiнде немесе мемлекеттiә қылмыстық саясаты өзгерген кезде нақтыланып, толықтырылуы мүмкiн, мемлекеттiң қылмыстық саясатының негiзгi мазмұны қылмыстық заңды қолдану мiндеттерiн анықтау және заңды қылмыстылықтың деңгейi мен жағдайына сәйкестендiрумен түсiндiрiледi.

Көрiп отырғанымыздай, қылмыстық заң алдына екi үлкен мiндет қояды.

Бiрiншi мiндет – адамды, қоғам мен мемлекеттiң мүдделерiн, сонымен бiрге адамзат пен бейбiтшiлiктi қорғау мақсатында қылмыстылықпен қылмыстық — құқықтық күрес жүргiзу.

Екiншi мiндет — қылмыстардың алдын алу. Ол жалпы және жеке (арнайы) алдын алуды қамтиды.

Жоғарыда аталған мiндеттердi шешу үшiн қылмыстық заң қылмыстық жауаптылықтың негiзi мен принциптерiн анықтап, жеке адам, қоєам немесе мемлекет үшiн қауiптi қандай әрекеттер қылмыс болып табылатындығын айқындайды, оларды жасағаны үшiн жазалар мен өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын белгiлейдi.

Қылмыстық заң жазамен қорқыту арқылы белгiлi бiр қылмыстық әрекеттi (әрекетсiздiктi) жасауға тиым салады. Сонымен бiрге, ол тиiстi органдар мен лауазымды адамдарєа жасалєан әрекетте қылмыс құрамының белгiлерi бар болған жағдайда кiнәлiлердi қылмыстық жауаптылыққа тарту қажеттiгiн немесе, керiсiнше, оларды қылмыстық жауаптылықтан босатуға, заңды негiздер болған жағдайда, оларды қылмыстық жауаптылықтан немесе жазадан босату туралы ереженi бекiтедi. Яєни, нақты әрекет үшiн жауаптылықты қарастыратын қылмыстық-құқықтық нормалар тиымсалушы нормалар болып табылады және олар тәрбиелiк және ескертушiлiк мғєынаға ие болады.

Қылмыстық жауаптылық туралы заң белгiлi бiр мiндеттердi орындай отырып өзiнiң функцияларын жүзеге асырады.

Негiзгi функциясы болып қорғаушылық функциясы табылады. Қорғаушылық функция қол сұғушылық жасау қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатын объектiлердi қорғауға бағытталған. Қорғаушылық функциямен қатар қылмыстық заң реттеушiлiк функцияны атқарады. Яғни, белгiлi бiр мiнез-құлық ережелерiн бекiте отырып, қылмыс пен жазаға байланысты туындайтын қатынастарды реттеп отырады.

3 стр., 1302 слов

Сертификаттау туралы жалпы түсінік

... шығарылғаны және Қазақстан территориясынан тікелей жөнелтілгені туралы құжаттар қажет. Тегі туралы сертификат бір шетке шығарушының жіберген тауардың бір партиясына, бір тауар-тасымалдау ... ауысқанда сертификация нарықтық экономиканы тиімді қалыптастырудың ажырамас бөлігі болады. Жалпы сертификация кезінде келесілер жүргізіледі: алғашқы сәйкестікті растау үшін ...

Қылмыстық заң сонымен бiрге ескертушiлiк функцияны жүзеге асырады. Қылмыстық заңдарды шығару және оларды бұқаралық ақпарат құралдары, насихаттаудың өзге құқықтың нысандары арқылы көпшiлiк халыққа жеткiзу азаматтардың құқықтық санасына елеулi ықпал етедi. Халық осылайша қандай әрекеттердi заң шығарушы жеке адам, қоғам мен мемлекет үшiн қауiптi және зиянды деп санайтындығын тїсiне алады. Ескертушiлiк функция моральдық жағынан тұрақсыз адамдарды қылмыс жасаудан жазамен қорқыту арқылы ұстап тұру рөлiнен де көрiнедi, қылмыстық заңның тәрбиелiк функциясы осы ескертушiлiк функциясымен тығыз байланысты.

Қылмыстық заңды шығару және оны практикада қолдану азаматтардың өз мемлекетiнiң заңын құрметтеуге, өзiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiнiң қорғалуына сенiмдiлiкке, қылмыс жасағандардың қылмыстық жауаптылықтан құтылмайтындығына сенуге тәрбиелейдi.

2 сұрақ. Қылмыстық заңның құрылымы

Қылмыстық заңды қолдану ең алдымен оның құрылымын бiлуден басталады. Қылмыстық заңның құрылымы деп белгiлi бiр техникалық ережелерге бағынған заң шығарушының еркiн бiлдiру формасын түсiну қажет. Қылмыстық заңның мазмұны мен мағынасын дұрыс түсiну оны құрайтын элементтердiң қызметтiк рөлiн және өзара байланысын нақты және анық бiлу арқылы мїмкiн болады.

ҚР қылмыстық заңы, яғни қылмыстық кодексi Жалпы және Ерекше бөлiмдерден тұрады.

ҚР ҚК-нiә Жалпы бөлiмi әрбiреуi бiрнеше баптарды қамтыған жетi бөлiмнен тұрады. Жалпы бөлiмде ҚР Қылмыстық кодекстiң мiндеттерi мен принциптерi, қылмыс және оның санаттары, қылмыстық жауаптылықтың негiзi, аяқталмаған қылмыс, қылмысқа қатысу, әрекеттiң қылмыстылығын жоятын мән-жайлар, жазаның түсiнiгi мен мақсаттары, жазаның түрлерi, жаза тағайындаудың жалпы негiздерi және қылмыстылықпен қылмыстық-құқықтық күресудiң өзге де жалпы ережелерi анықталады.

ҚР Қылмыстық кодексiнiә Жалпы бөлiмiнiә көптеген нормалары позитивтi, яғни реттеушi сипатты иемденедi. Өйткенi, оларды қолдану белгiлi бiр нақты қылмыстың түрiмен ұштаспайды. Сонымен бiрге ҚК Жалпы бөлiмiнде мәжбїрлеу сипатын иемденетiн құқық қолдану нормалары да бар.

Жоғарыда аталған позитивтi нормаларды шартты түрде мына түрлерге бөледi:

1. Декларативтi, қылмыстық заңның мiндеттерiн бекiтетiн нормалар (ҚК-нiә 2 бабы);

2. Анықтаушы, қылмыстық заңның жекелеген институттарына, ұғымдарына анықтама беретiн нормалар (ҚК-ә 9,27,38 баптары);

3. Марапаттаушы, белгiлi бiр тәртiппен жеңiлдiк қарастыратын нормалар (ҚК 63-бабы ²шартты түрде соттауы; 55-бабы ²белгiлi бiр қылмыс їшiн көзделген жазадан гөрi неғұрлым жеңiл жаза қолдануы);

4. Рұқсат етушi, белгiлi бiр әрекет жасауға құқықты беретiн нормалар (ҚК 32-бабы қажеттi қорғануы қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезiнде зиян келтiруі);

5. Қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатушы нормалар (ҚК 67-бабы ²жәбiрленушiмен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатуы; ҚК 73-бабы ²ауруға шалдығуына байланысты жазадан босатуы);

ҚР Қылмыстық Кодексiнiң Ерекш е бөлiмi қол сұєушылықтың объектiсiне байланысты тарауларға бiрiктiрiлген қылмыстардың түпкiлiктi тiзiмi берiлген және әрбiр қылмыс үшiн жазаның түрi мен мөлшерi көрсетiлген он алты тараудан тұрады. Яғни, ҚК Ерекше бөлiмiнiә баптары Жалпы бөлiмiнiә ережелерiне сәйкес анықталатын жекелеген қылмыс түрлерi їшiн жауаптылықты қарастырады.

10 стр., 4507 слов

Экологиялық кодекс

... ереже. Халықаралық шарттар. 2 Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің құрылымы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі жалпы және ерекше бөлімнен тұрады. Экологиялық кодекс IХ-бөлімнен, 47 тараудан, ... нормативтік актілер экологиялық заңдардың құрамына кірмеуі де мүмкін. Мысалы: Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі – экологиялық заңдарды бұзғаны үшін жауаптылықтарды реттейтін ...

Қылмыстық Кодекстiә Ерекше бөлiмiнде заң шығарушы қылмыстың және оны жасаушылард ың қоғамға қауiптiлiк сипатын ескерiп бiрқатар нормаларды бөлiктерге, ал бөлiктердi тармақтарға бөлген. Мысалы, ҚК-ә 96-бабыныә 2-бөлiгi бар, ал екiншi бөлiгi тармақтарды қамтиды.

Мемлекеттегi құқықтық реформалардың әзгерiп отыруы нәтижесiнде қылмыстық заңға жаңа заң шығарушылық ережелер енгiзiлiп отырады. Қылмыстық Кодекстiң жүйесiн сақтау және құқық қорғау, статистикалық ғылыми зерттеулердiң болашақ жұмысын қамтамасыз ету үшiн Жалпы және Ерекше бөлiмдердiң баптарына қосымша нөмiрлеу ретiмен өзгерiстер мен толықтырулар жасалуы да қарастырылған.

Ерекше бөлiмнiң әрбiр құқықтық нормасы үш элементтен: гипотеза, диспозиция және санкциядан тұрады. Қылмыстық заңда осы құрылымның қандай түрде және шекте көрiнетiнiн анықтау үшiн олардың әрбiреуiнiң ерекшелiктерiн қарастыру қажет.

Гипотеза деп белгiлi бiр мiнез-құлық ережесiн қолданудың жағдайларын анықтайтын құқық нормасының элементiн түсiну қажет. Алайда, қылмыстық құқық теориясында көптеген авторлар қылмыстық құқықтық нормадағы гипотезаның рөлiн оныә диспозициясы орындайды деп тұжырымдайды. Бұл әлi де болса пiкiрталас мәселелердiң бiрi.

Диспозиция қылмыстық әрекеттi және оның адамға қолданатын мәжбїрлеу шаралары. Қылмыстық құқықтық норманың санкциясы деп диспозициядағы қылмыс үшiн қолданылатын жазаның түрi мен мөлшерiн көрсететiн элементтi түсiну қажет. Санкция белгiлi бiр Ерекше бөлiм бабының ажырамас бөлiгi. Диспозиция мен санкция арасындағы байланысты қылмыс пен жаза арасындағы тәуелдiлiктiң көрiнiсi деп айтуға болады. Санкцияның мәнi ең алдымен оның құқық нормасының талаптарын орындауды қамтамасыз ету қабiлеттiгiмен түсiндiрiледi.

ҚР Қылмыстық Кодексiнде санкцияның үш түрi көрсетiлген:

1).

Салыстырмалы – анықталған санкция, жазаның нақты түрi мен мөлшерiн көрсететiн немесе жазаның бiр шегiн белгiлейтiн санкцияныә түрi. Санкцияның бұл түрi екi нысанда кездеседi. Бiрiншiсiнде, жазаныә төменгi және жоғарғы шегi көрсетiледi. Мысалы, ҚК 96-бабының 1-бөлiгiнiң санкциясында алты жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады² делiнген.

Екiншiсiнде, жазаныә тек еә жоғарғы шегiн көрсететiн санкция. Мысалы, ҚК 98-бабының 2-бөлiгiнiң санкциясында бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланадыы делiнген. Мұндай жағдайларда жазаның төменгi шегi ҚК Жалпы бөлiмiнде қарастырылған бас бостандығынан айырудың төменгi мерзiмiмен анықталады. ҚР ҚК 48-бабыныә 3- бөлiгiне сәйкес бас бостандығынан айыру жазасының төменгi шегi – алты ай.

2).

Баламалы санкция екi немесе одан да көп жазаның түрiн көрсететiн санкция. Мысалы, ҚК 130-бабы Қорлау

3 сұрақ. Қылмыстық заңның кеңiстiкте қолданылуы

Қазақстан Республикасы Қылмыстық заңының кеңiстiкте қолданылуы мынадай төрт принциптерге негiзделедi:

1).

Территориялдық принцип,

2).

Азаматтық принцип;

3).

Универсалды принцип;

4).

Реалды принцип.

Территориялық принципке сәйкес, Қазақстан Республикасы ныә территориясында жасалған барлық қылмыстар үшiн жауаптылық ҚР Қылмыстық кодексi бойынша туындайды.

Сонымен, Қазақстан Республикасыныә қылмыстық заңының күшi Қазақстан Республикасының кез келген аумағында немесе объектiлерiнде жасалған қылмыстық iс-әрекеттердiң барлығына да қолданылады.

3 стр., 1475 слов

Рассмотрение дел о взыскании обязательных платежей и санкций

... 2. Дела о взыскании с лиц, осуществляющих предпринимательскую и иную экономическую деятельность, обязательных платежей и санкций, предусмотренных ... рассмотрении данной категории дел необходимо учитывать следующее: - уплата обязательных платежей и, соответственно, их взыскание, взыскание санкций должно быть предусмотрено федеральным законом. В настоящее время перечень обязательных платежей, ...

Қазақстан Республикасында жасалған қылмыстар деп – Республика территориясында басталған немесе жалғастырылған, аяқталған қылмыстар аталады. ҚР Қылмыстық кодексiнiң күшi Қазақстан Республикасының құрлықтық шельфiнде және ерекше экономикалық аймағында жасалған қылмыстарға да қолданылады.

Құрлықтық шельф территориялық сулардың аумағынан шығып жатқан құрлықтың жер асты жалғасы. 1958 жылєы Женева конвенциясына сәйкес құрлықтық шельф ұғымы пайдалы қазбаларды иәмуге мїмкiндiк беретiн 200 метр тереңдiктегi және одан тыс шектегi жағалауға жақын мемлекеттердiң жер асты аумағын қамтиды. Ал ерекше экономикалық аймаққа республиканың территориялық суларынан тыс жердегi теңiз аумақтары жатады.

Қазақстан Республикасының территориясына сонымен қатар, қай жерде тұрєанынына қарамастан ҚР-ныә әскери корабльдерi мен әскери әуе кемелерi де жатады.

Территориялық принциптен шығатын ерекше жағдай болып дипломатиялық иммунитет немесе экстерриториялық құқық табылады. ҚК-тiә 6-бабының 4-бөлiгiне сәйкес дипломатиялық иммунитеттi пайдаланатын адамдарєа ҚР Қылмыстық заңы қолданылмайды. Дипломатиялық қатынастар туралы 1961 жылєы Вена конвенциясына және 1966 жылғы Шет мемлекеттердiң дипломатиялық және консулдық өкiлдiктерi туралы Ережеге сәйкес қылмыстық жауаптылықтан жеке қол сұғылмаушылықты және иммунитеттi мына адамдар пайдаланады: дипломатиялық өкiлдiктердiә басшылары (елшi, уәкiл, консул, iске сенiмдi); кеңесшiлер, сауда өкiлдерi және олардың орынбасарлары, әскери, әскери-теңiз және әскери-әуе атташелерi және олардың көмекшiлерi; 1,2,3-хатшылар, атташе және архив-хатшылары, сондай-ақ ҚР азаматтары болып табылмайтын олардың жанұя мүшелерi, сондай-ақ олармен бiрге тұратын адамдар. Мұндай адамдардың шеңберi нақты мемлекеттердiң арасындағы келiсiм бойынша кеңейтiлуi мїмкiн. Егер бұл санаттағы адамдар ҚР территориясында қылмыс жасайтын болса, олардың қылмыстық жауаптылығы туралы мәселе халықаралық құқық нормаларымен шешiледi, негiзiнен олар « persona non grata ә , яғни « жағымсыз тұлға деп танылып, өз елдерiне қайтарылады.