Судья реферат қазақша

Шет мемлекеттердегі адвокатура және адвокаттардың құқықтық жағдайы

а)АҚШ,Ұлыбритания мемлекеттеріндегі адвокатура

ә)Германия,Франция мемлекеттеріндегі адвокаттардың құқықтық жағдайы

ІІІ. Қорытынды

Кіріспе

Қазақстандағы адвокатураны және адвокаттық қызметті жетілдіру өте маңызды. Өйткені,Қазақстан Республикасында адвокатура Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдік берілген адам мен азаматтың құқықтарын жүзңгң асыруға жәрдемдесуге шақырылған. Сондықтан Қазақстандағы адвокатура мен адвокаттық қызметті әрдайым жетілдіріп отыру қажет,яғни ол үнемі даму үстінде болуы тиіс.

Қазақстандағы адвокатураны және адвокаттық қызметті жетілдіруде тек қана отандық тәжірибе ғана емес,сонымен қатар шет мемлекеттердегі аддвокатураның және адвокаттар қызметінің тәжірибесі елеулі көмекші рөлді атқарады.

Қазақстан адвокатурасының қалыптасуы тарихы жағынан ортақтығы жоқ алыс шет мемлекеттердің адвокатурасының тәжірибесі Қазақстандағы адвокатураның және адвокаттық қызметті жетілдіруде маңызы зор. Алыс шет мемлекеттердің адвокатурасының тәжірибесін: АҚШ,Ұлыбритания,Франция,Германия,Италия мемлекеттерінің адвокатурасы,оның ұйымдастырылуын және олардағы адвокаттардың құқықтық жағдайларын қарастырамыз.

І. АҚШ тың күрделі құқықтық жүйесі,американдық қоғам өмірінің құқықтық реттелуінің жоғарғы деңгейлігі адвокат кәсібінің басқа кәсіби топтарға қарағанда ерекше орнын алдын ала анықтайды. Заңгерлер АҚШ та мемлекеттік басқару механизмінде коптеген жоғары лауазымдарға ие. Мысалы,АҚШ тың президенттерінің ішінде А.Линкольн,Ф.Д.Рузвельт,Г.Трумэн,Р.Никсон,Б.Клинтон адвокаттар болған.

АҚШ та заң университетінің түлегі дипломы мен заңтану докторы дәрежесінің бар болуына қарамастан адвокаттық практикамен айналысуға автоматты түрде ие болмайды. Ол үшін ол адвокаттық практикаға патент алуы тиіс,қосымша аттестациядан өтуі тиіс. Патент адвокаттық практикамен бүкіл АҚШ аумағында емес,тек қана адвокат қызмет атқаратын бір штаттың аумағында ғана айналысуға құқық береді.

Адвокаттық практикаға жіберу,әдетте,штаттың Жоғары сотымен белгіленеді. Алайда адвокаттық практикаға жіберудің өзі туралы мәселе штат адвокаттарының ассоциациясымен құрылған немесе сотпен әлде штат губернаторымен тағайындалған адвокатураға жіберу туралы арнаулы комиссиямен шешіледі. Әдетте,комиссия тәжірибелі адвокаттардан тұрады.

12 стр., 5593 слов

Организация адвокатуры

... устарели и не отвечают современным требованиям. В представленной работе дается общая характеристика организации российской адвокатуры, рассматриваются законодательные основы ее деятельности и перспективы дальнейшей ... эволюции этого института. В последнем разделе работы представлены два проекта законов об адвокатуре в Российской федерации, которые показывают, в каком направлении ...

Адвокаттық практикаға жіберу кезінде комиссия үміткердің моральдық сипаттарын және ол тапсырған емтиханның нәтижелерін ескереді. Моральдық сипаттарын зерттеу емтихан алдыңғы болып келеді және үміткер ұсынған құжаттармен танысудан тұрады. Егер комиссияда ұсынылған құжаттардың шынайлығында күмән туса,онда алынған деректерді жасырын тексеруге құқылы. Адамның мінездемесі үміткердің өзі туралы айтуынан,соттылығы бар немесе жоқ екені туралы ақпараттан,полиция ұсталуларынан,есірткі мен алкогольдік ішімдіктермен әуестенуінен тұрады. Кейде патент алушының моральдық тұрпаты туралы тұрғылықты жері бойынша оның көршілерінен анықтамалар алынады.

Емтихан ауызша сұхбаттасудан және жазбаша жұмыстан тұрады. Жазбаша жұмыс бірнеше күнге созылады,ал ол оның ішінде білімге,емтихан тапсырылып жатқан штаттың құқық нормаларын талқылауға және қолдануға қатысты 20-30 сұраққа жауап беруі тиіс.

Емтихан комиссиясының шешімі сотта шағымдалуы мүмкін.

Федералдық соттарда іс жүргізуге рұқсат штатта адвокаттық практикаға жіберілген адамдарға автоматты түрде беріледі.

АҚШ адвокатурасының құрылымы мынадай. Әр штатта өзінің адвокаттар ассоциациясы бар. Коптеген штаттарда адвокаттық практикаға жіберілген тұлғалардың ассоциацияға мүшелігі міндетті. Мұндай штаттарда адвокаттар ассоциациялар еркін ұйымдар ретінде құрылады. Адвокаттардың ерікті мүшеліктегі жалпы ұлттық ұйымы болып Заңгерлердің Американдық ассоциациясы табылады. Ассоциация екі мақсатты көздейді:

1) құқықтық дамуы мен сот төрелігінің жалпы нығаюына ықпал ету ,азаматтарды құқықтық тәрбиелеу және т.б.;

2) өз мүшелеріне жәрдемдесу,американдық заңгерлердің кәсіби деңгейін көтеру,заңгерлік кәсіпті дамыту.

Сонымен қатар,кәсіби әдеп нормаларын белгілеу,адвокаттарға жәрдемдесу,тәртіптік жазаларды қолдану,адвокаттық қызметтің стандарттарын жасау,құқық пен сот төрелігін жетілдіруге жәрдемдесу ассоциацияның міндеттеріне кіреді. Заңгерлер ассоциациясы кәсіби бірлестік болып табылады және ешқандай практикалық заңгерлік қызметті жүзеге асырмайды. Заңгерлер ассоциациясына мүшелік жарналар заңгерлердің табыстарына,олардың қандай фирмада,ведомствода жұмыс істеуіне байланысты емес.

Сонымен бірге, АҚШ адвокаттарының өзіндік тергеу жүргізуге және сарапшыларды шақыртуға құқықтары бар,сондай ақ тіпті сол іс әрекеттерді жүргізгені үшін шығындардың соттың келісімімен бюджет есебінен орны толтырылады.

АҚШ адвокаттарының тең жартысы дербес жеке дара немесе екі,үш адвокатпен бірлесіп жұмыс істейді. Дегенмен,адвокаттық қызметтің ең маңңызды нысаны ірі адвокаттық фирмалар болып табылады. Мұндай фирмалар,әдетте, қылмыстық істермен айналыспайды және дәулетті клиенттердің істерін,көбнесе,корпорациялардың істерін жүргізуге тырысады. Ондай фирмалардың иелері партнерлер. Партнер – кең тәжірибелі,ірі табысқа ие және адвокаттық фирманың табысының бөлігіне ие адвокат. Адвокаттардың екінші тобы – ассоциатор,әдетте,азын аулақ клиенттері бар немесе тіпті жоқ жас адвокат. Ол фирмадан еңбекақы алады.

Бұндай фирмаларда ассоциаторлық өтілім әдетте сегіз жыл белгіленеді. Ол үшін ассоциатор өз клиенттерін жинауы тиіс. Аталған мерзім өткен соң ассоциатор партнер болады немесе фирмадан кетуге тура келеді.

3 стр., 1460 слов

Қазақстан Республикасындағы адвокатура

... адвокаттардың көмегін қажет етеді. Адвокат — адвокаттық қызмет шегінде кәсіптік негізде заңдық көмек көрсететін, адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын азамат. Қаза ... құқықтық нормативтерге тәрбиелеуге жәрдем беру болып табылады. Адвокатура — заңгерлердің азаматтар мен ұйымдардың құқы ... зге де лауазымды адамдардың әрекеттерiне белгiленген тәртiппен шағым жасауға; 8) мемлекеттiк құпияларды құрайтын ...

Адвокаттардың басқа бөлігі «жария қорғаушылар » ведомстволарда штаттың мемлекеттік бюджетінің есебінен қаржыландырылатын және ақшасы жоқ азаматтарға тегін негізде қызмет көрсететін қйымдарда жұмыс істейді. Федералдық бюджеттен қаржыландырылатын осындай мүлігі жоқтарға заң көмегін көрсету қызметтері бар. Осындай қызметтердің бас ұйымы болып АҚШ Конгресімен құрылған және қаржыландырылатын Заң көмегін көрсету жөніндегі корпорация табылады.

Коптеген адвокаттар өз міндеттерін сот құқықтық тәсілдермен жүзеге асыруға басым бағытталған қоғамдық біолестіктердің заң қызметтерінде жұмыс істейді. Олардың бірі Азаматтық бостандықтарды қорғаудың Американдық одағы,Түсті халықтың дамуына жәрдемдесудің ұлттық ассоциациясы,Азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау орталығы, т.б.

АҚШ адвокатурасының ұйымдастырылуының ерекшелігі федералдфқ соттарға адвокаттық қызметпен айналысатын адвокаттардың қызметін реттейтін федералдық заңнамадан тыс әр штаттың адвокатура туралы заңнамасының болуы. Алайда,бұл заңнама әр уақытта заң ретінде емес, әртүрлі ережелер түрінде орын тапқан.

Ұлыбританияның және Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігінде адвокаттар барристерлер,солисторар,атторнейлер сословиелеріне бөлінеді. Аншглияның ұлттық адвокатурасы 1285 жылы І Эдуард корольдің заң актісінің негізінде пайда болды. Сот қорғаушылары екі ірі топқа бөлінді: барристерлер мен атторнейлерге және солисторларға.

Барристер (ағылшын тілінен аударғанда судьяларды сотталушылардан бөлетін кедергі) Англиядағы адвокаттың ең жоғарғы атағы. Барристерлер қағаздар мен құжаттарды ұсынуға уәкілетті солистерлер мен атторнейлерге қарағанда сот алдында істерді жүргізеді және сөз сөйлейді.

Барристер атағын алу үшін жоғары заң білімі болуы ,адвокаттық корпорациялардың бірінде үш жыл дайындықтан өтуі және құқықтық пәндер бойынша адвокат емтиханын тапсыруы тиіс.

Адвокаттардың екі санатының болуы және осымен байланысты істерді жүргізу бойынша шығындарды елеулі ұлғайтуда. Барристерлер ағылшын іскерлік элитасының өкілі болып табылады және Ұлыбританияның саяси өмірінде елеулі рөлді атқарады. Барристерлер қатарынан ,әдетте, Ағылшын Тәжінің мүддесін білдіретін адвокатқа берілетін Ұлыбританиядағы жоғарғы адвокаттық атақ Бас атторней ,сондай ақ жоғары соттардың судьялары тағайындалады.

Бас атторней – бұл Англиядағы Тәждің заңгері және адвокаты,ол барристерлер қатарынан тағайындалады,Қауымдар палатасында министрлік жобаларын құқықтық жағынан қорғау және түсіндіру үшін отырады,Тәждің мүддесін бүкіл соттарда білдіреді.

Солисторлар – графтардың және қала графтықтардың магистраттық соттарында істерді дербес жүргізуге және жоғарғы рангтердегі адвокаттар барристерлерге материалдарды дайындауға мамандандырылған Ұлыбританиядағы адвокаттардың санаты. Солисторлар мекемелерде,кәсіпорындарда,ұйымдарда,акционерлік қоғамдарда заңгер қызметін де атқарады.

Солисторлар ХІІІ ғасырдан бері бар және 1825 жылы олар Заңи қоғамда бірікті.солисторлардың құқықтық жағдайы 1941жылғы Солисторлар туралы Актімен белгіленген.

Солистор болуға үміткер бес жыл Солисторда көмекші ретінде немесе басқа жауапты лауазымда (университет білімі бар болған жағдайда тағылымдамадан өту үш жалға дейін азайтылады) жұмыс істеу қажет.

Атторней – ағылшын саксон елдерінде сенім білдірілген немесе мәміле жасау кезінде не соттан тыс өзге жағдайда өзгенің атынан әрекет етуші басқа адамның мүддесін білдіруші. Англияда 1873 жылға дейін атторнейлер деп адвокаттардың ең төменгі санатын атаған. 1873 жылғы Сот төрелігін жүзеге асыру туралы Актіге сәйкес соттардағы ісіті жүргізуге жіберілгеннің барлығы барристерлерді қоспағанда,солисторлар деп атала басталды.

4 стр., 1929 слов

Адвокат-защитник в суде первой инстанции

... Г.К. Шаров и др. Теоретическую базу дипломной работы составили труды в области тактики и методики поведения адвоката в уголовном судопроизводстве таких российских ученых, ... выявляющие место принципа состязательности в деятельности адвоката как участника уголовного судопроизводства в России. Методологическую основу дипломной работы составили современные общенаучные и специальные методы ...

Францияда ХІХ ғасырда адвокаттық кәсіптің тәуелсіздік принципі орнықтырыды. Адвокаттық кәсіп әр уақытта дәстүрлі түрде елдің қоғамдық өмірінде елеулі орынға ие. Франциядағы адвокат әрқашан Еуропаның басқа елдеріне қарағанда кең бостандыққа ие болды және француз адвокатурасының бай тәжірибесін жинақтады. Қазіргі кезде Францияда 19000 адвокат бар.

Қазіргі кезде Францияда соттарға қатысу құқығы бар адвокаттардың үш санаты бар: солисторлар,барристерлер,Кеңес алдындағы барристерлер. Солисторлар бірінші инстанциядағы сотта,барристерлер – аппеляциялық соттарда, ал кассациялық сотта және Францияның Кеңесінде – Кеңес алдындағы барристерлер мүдделерді білдіруге құқылы.

Францияда адвокаттық кәсіпке жіберудің талаптары 1972 жылғы Декретпен анықталады.

Ең алдымен,француз азаматтығы және жоғары оқу орнының мамандығы бойынша дипломы болуы керек,сондай ақ адвокаттар ассоциациясының мүшесі болғысы келген тұлғаның соттылығы болмауы керек,күрделі тәртіптік немесе әкімшілік құқық бұзушылықтары болмауы керек,кез келген фирма немесе кәсіпорын бойынша банкроттықтың қатысушысы болмауы керек.

Аталған талаптарға жауап беретін тұлға Кәсіби дайындық орталығында түсу емтиханын тапсыруы тиіс (екі жазбаша және ауызша),онда бір жыл оқуы,теориялық курс пен тәжірибелік тағылымадан өтуі тиіс,содан соң бітіру емтиханын тапсыруы тиіс (бір жазбаша және үш ауызша).

Осы талаптарды сақтаған жағдайда заңгер адвокаттар ассоциациясына қабылданады және ант қабылдайды. Содан соң ол адвокат ретінде мамандық бойынша екі жылдық тағылымадан өтеді және куәлік алады.

Францияда адвокаттар ассоциацияларға (ордендерге) біріктірілген. Әр сот округінде бір ассоциация бар. Францияда 181 аумақтық сот бар және сәйкесінше осыншама адвокаттардың ассоциациясы бар. Ассоциациялар сандық құрамы жағынан әртүрлі. Мысалы,ең азында 7 барристер бар, ал еі саны көбінде 11000 барристер бар. Әр ассоциация өз қызметінің ішкі регламентін өзі анықтайды және мүлігі бар тәуелсәз,дербес ұйым болып табылады. Адвокаттардың ассоциациясының басшысы болып төраға табылады және ол оның мүшелерімен екі жыл мерзімге сайланады,сондай ақ ол ассоциация Кеңесінің төрағасы болып табылады.

Ассоциация кеңесі үш жыл мерзімге құпия дауыс берумен ассоциация мүшелерімен сайланады. Оның құзіретіне ассоциация қызметінің әртүрлі салаларын басқару кіреді.

Ұлыбритания мен Франция адвокатурасының ұйымдастырылуының ерекшелігі адвокаттардың ортағасырда қалыптасқан істің санаттарына байланысты дәстүрлі сословиелерге бөлінуі және адвокаттың солисторларға,барристерге,атторнейге жатуына байланысты оның тиісті құқықтық мәртебесі анықталады.

Ал Германияда адвокатураның қызметі мен оның құрылуы арнаулы заңнамамен реттеледі. Бұл 1959 жылдың 1-тамызында қабылданған Адвокатура туралы федералдық заң және 1957 жылдың 26-шілддесінде қабылданған Адвокаттардың қызметтерін төлеу туралы федералдық ереже.

3 стр., 1380 слов

Ассоциация (союз) как вид корпоративного объединения

... некоммерческих организаций, присущи основные характеристики этого вида юридических лиц: Ассоциации, как и другие некоммерческие организации, могут осуществлять предпринимательскую деятельность в ... дискуссионным в науке коммерческого права. Понятия и особенности правового статуса ассоциаций Ассоциации или союзы (далее - ассоциации) являются договорными объединениями коммерческих организаций, ...

Адвокаттық қызметке сот ұйымдастыру туралы заңға сәйкес соттық міндеттерді атқара алатын адам ғана жііберіледі. Адвокаттар мен судьялар үшін білімге деген талап бірдей.

Жоғары заң білімі бар ізденуші құқық курсын алты семестр бойы Германияның бір университетінде тыңдауы тиіс. Одан кейін ол екі арнаулы емтиханды жемісті тапсыруы тиіс. Бірінші емтиханды түлектік деп атауға болады,себебі ол болашақ адвокат оқыған оқу орнында тапсырылады. Екінші кезең сот,прокуратура,нотариат және адвокатурада 3-4 жылда тағылымадан өту. Тағылымдамаға ақша төлеу биліктің жергілікті органдарының арнаулы қорларынан төленеді. Екінші емтихан жергілікті Әділет министрлігінің басшылығымен жүргізіледі. Әділет министрлігі емтихан бағдарламасын әзірлейді және емтихан сұрақтарын дайындайды,емтихан комиссиясын құрады. Емтиханнан өткен дам судья не адвокат бола алады және Германияның құқық докторы дәрежесіне ие заңгер тағылымдамасыз ,емтихансыз адвокат бола алады.

Германияның Федералдық Жоғарғы сотында адвокаттық қызметке жіберілген заңгерге одан төмен тұрған кез келген сотта адвокаттық практикамен айналысуға ешбір ерекше жағдайда жол берілмейді.

Германияда адвокатар алқасы аумақтық қағида бойынша ұйымдастырылады және бір жердің сотына тіркелген адвокаттарды біріктіреді. Германияның аумағындағы барлық адвокаттар алқалары Біртұтас Федералдық адвокаттар палатасына бірігеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1) Алауханов Е.О. Қазақстан Республикасындағы адвокатура және адвокаттық қызмет. – Алматы,2010.

2) Мейірбекова Г.Б. Қазақстан Республикасындағы адвокатура және адвокаттық қызмет.- Алматы,2007.

3) Правовая система США/Власихин В.А. – М.,2006

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Заң факультеті

Реферат

Тақырыбы:

Қабылдаған:

Орындаған:

Астана 2011