ҚР-ның «Еңбек кодексі»

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ №1

Тақырыбы: Қ.Р.Еңбек кодексі, Еңбек қауіпсіздігі стандарттар жүйесі, Еңбек қорғау заңдылықтарын бұзғаны үшін жауапкершілік.

Орындаған:Шарипхан Д.Х.

Текесерген:Бейсебаев Ш.Т.

Семей-2015

Жоспар

КІРІСПЕ

1. Еңбек қауіпсіздігі стандарттар жүйесі.

2. Қ.Р.Еңбек кодексі

3. Еңбек қорғау заңдылықтарын бұзғаны үшін жауапкершілік.

ҚОРЫТЫНДЫ

Кіріспе

Жұмыс беруші — жұмыс күшін жалдаушы. Қазақстанда жұмыс берушіге жалдамалы еңбекті пайдаланушы, заңдарда белгіленген тәртіппен тіркеуден өткен кез келген отандық және шетелдік заңи немесе жеке тұлға (соның ішінде шетелдік азамат, елде тұратын азаматтығы жоқ адам және еңбек шарты бойынша жұмысқа қабылдаушы жеке кәсіпкер, т.б.) жатады. Жұмыс беруші еңбек қатынастарының субъектілерінің бірі болып табылады.

Еңбек қауіпсіздігі туралы стандарттар (ЕҚС).

Еңбек қауіпсіздігі жүйесін жасап оны енгізу арқылы өндірісте жарақат алуды және кәсіптік ауыруларды азайтуға, адам денсаулығын сақтап, оның еңбекке қабілетін жақсартуға болады.

Еңбек қауіпсіздігі жүйесі бірнеше стандарттардан тұрады. Машиналар, приборлар, құрал-жабдықтар, материалдар, заттар жөніндегі көптеген стандарттар мен техникалық шарттарда қауіпсіздік туралы талаптар белгіленген. Мұндай стандарттарды жасауға Денсаулық сақтау министрлігі, мемлекеттік қадағалау органдары, өнеркәсіп және құрылыс министрліктері қатысады.

Еңбек қауіпсіздігі жүйесі мынадай іс-шараларды белгілейді: еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру жұмыстарының талаптары;

  • өндірістің қауіпті және зиянды факторларына койылатын талаптар мен нормалар;өндіріс құрал-жабдықтары қауіпсіздігінің талаптары;өндіріс процесі қауіпсіздігінің талаптары;жұмысшылардың қорғаныс құралдарына қойылатын талаптар;
  • өндіріс ғимараттары мен құрылыстарына койылатын талаптар.Стандарттарда өндірістің қауіпті және зиянды факторларының рұқсат етілген шекті параметрлері мен сипаттамалары белгіленеді, олардың түрлері, қорғану және бақылау әдістері көрсетіледі.Қауіпсіздік сақтау тәртіптері стандарттар мен техникалық шарттардың «Техникалық талаптар» бөліміне кіргізілген. Пайдалану, тасымалдау, сақтау қауіпсіздігінің талаптары, сондай-ақ, сол талаптардың орындалуын бақылау тәсілдері стандарттар мен техникалық шарттардың тиісті бөлімдеріне кіргізілген.

Шикізаттар, материалдар және химиялық заттардың стандарттарында бұл заттардың токсикологиялық (улы) қасиеттері, адам ағзасына әсері, жұмыс орнының ауасы мен суындағы руқсат етілген мөлшерлері, мұндай мөлшерлерді анықтау әдістері белгіленеді. Заттардың қауіпті және зиянды әсерінен жұмыскерлерді қорғаудың шаралары мен құралдары да стандарттармен беріледі.Өрт техникасына және өрт сөндіру құралдарына қойылатын талаптар да стандартта белгіленеді.Еңбек қауіпсіздігі жүйесінің стандарттары ылғида жетілдіріліп, әрекеттегі стандарттар қайта қаралып, жаңа стандарттар жасалынып отырады.

3 стр., 1064 слов

Лицензия және лицензия терминологиясы

... нысанының бірі. 3.Жеке адамдар немесе ұйымдарға патентпен, техникалық біліммен, тәжірибе, өндірістік құпия, сауда маркасымен қор ... шағымдана алады. Қазақстанда лицензияның қандай түрлері бар? Лицензиялау туралы ҚР Заңының 9 бабына сәйкес лицензия ... лицензиардың Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын лицензиаттардың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған қызметi; бiлiктiлiк талаптары - ө ...

Еңбек қауіпсіздігінің қызметі әсіресе жаңа техниканы енгізумен байланысты кеңейе түседі. Мысалы, лазер қауіпсіздігі, робот қауіпсіздігі, роботтанған технология қауіпсіздігі, ионданған және инфрақызыл сәулелерден, гидравликадан, жоғары температура және жоғары қысым құралдарынан сақтану қауіпсіздігінің стандарттары.Табиғат қорғау және табиғи қорларды пайдалануды жақсарту жөніндегі стандарттар жүйесі. Табиғатты қорғау және табиғи қорларды пайдалануды жақсарту жөніндегі стандарттар жүйесінің негізгі мақсаты — адам әрекеті мен қоршаған табиғи ортаның тиімді байланысын белгілеу. Адам мен табиғат арасында дұрыс әрекеттесу болған жағдайда ғана табиғат байлығын ұтымды пайдалануға, өндірістің дамуы мен қоршаған орта арасындағы тепе-теңдікті сақтауға болады. Стандарттаудың бұл жүйесінде бір-бірімен өзара байланысқан мемлекеттік стандарттардың жиыны бар. Бұл стандарттар қоғамның іс-әрекетінің табиғатқа, адам денсаулығына тигізетін зиянды әсерін болдырмауға бағытталған. Табиғат қорғаудың стандарттарына суды қорғау және пайдалану стандарты, атмосфераны қорғау стандарты, топырақты қорғау және пайдалану стандарты, жерді пайдалануды жақсарту стандарты, жануарлар мен өсімдіктерді қорғау стандарты, жер беті көрінісін өзгертуді қорғау стандарты, жер қойнауын қорғау және пайдалану стандарттары жатады.Стандарттарда табиғи объектілердің күй-жайын анықтаудың, ластаушы заттардың рұқсат етілген мөлшерін есептеудің тәсілдері, сондай-ақ, табиғи ортаны ластанудан сақтауға арналған қондырғылар мен құрал-жабдықтарға қойылатын талаптар белгіленеді.

Сөйтіп, табиғатты қорғау мәселелері стандарттау жүйесінде маңызды орын алады. Табиғат қорғау жөніндегі стандарттарды әрі қарай жетілдіру кешенді стандарттау бағдарламасына сай жүргізіледі. Елді жерлердің ауасының, суының сапасын, көмір қышқыл газының және автокөліктерден бөлінетін көмірсутектердің мөлшерін тексеру әдістерінің стандарттары жүйелі түрде кайта қарастырылып отыруы тиіс. Стандарттауды жетілдіру жүйесіндегі тағы бір мәселе ауадағы, судағы, топырақтағы зиянды заттарды анықтаудың өте дәл инструменталдық әдістерін жасау болып табылады, сол арқылы табиғат байлығын сақтауға, қалпына келтіруге және үнемді пайдалануға тиімді жол ашылады.

Қазақстан республикасының еңбек кодексі (ағыл. Labour Law of the Republic of Kazakhstan; нем. Arbeitsgesetzbucli n)

* Еңбек кодексі:

  • еңбек;
  • еңбек қатынастарына тікелей байланысты;
  • әлеуметтік әріптестік;
  • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қатынастарды реттейді.

* Еңбек кодексі, егер заңдарда және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе:

  • қызметкерлерге, оның ішінде мүлкінің меншік иелері, қатысушылары немесе акционерлері шетелдік жеке немесе заңды тұлғалар болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан ұйымдардың қызметкерлеріне;
  • жұмыс берушілерге, оның ішінде мүлкінің меншік иелері, қатысушылары немесе акционерлері шетелдік жеке немесе заңды тұлғалар болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан ұйымдарға қолданылады.

* Қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбегін құқықтық реттеудің ерекшеліктері Еңбек кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленеді.

2 стр., 937 слов

Примечание от составителя: В е дается понятие о системе стандартов ...

... министерства и ведомства. Стандарты безопасности труда не отменяют действия норм и правил, утверждаемых органами государственного надзора. Структура обозначения стандартов ССБТ следующая: вначале дается индекс по ГОСТ, затем — класс стандарта, далее—код группировки и порядковый ...

* Қазақстан Республикасының заңдары Еңбек кодексінде белгіленген құқықтар, бостандықтар мен кепілдіктер деңгейін төмендетпеуге тиіс

* 1) азаматтық қызмет — азаматтық қызметшілердің қазыналық кәсіпорындардың, мем­лекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын іске асыруға, мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыруға және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған лауазымдық өкілеттіктерді орындау жөніндегі кәсіптік қызметі;

  • 2) азаматтық қызметші — Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қазыналық кәсіпорындарда, мемлекеттік мекемелерде ақылы штаттық лауазымда істейтін және олардың міндеттері мен функцияларын іске асыру және мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру мен олардың жұ­мыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратын адам;
  • 3) айлық жалақының ең төменгі мөлшері — біліктілікті қажет етпейтін қарапайым (онша күрделі емес) еңбек қызметкері осы Кодексте белгіленген қалыпты жағдайда және жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы кезінде еңбек нормаларын (еңбек міндеттерін) орындаған кезде бір айда оған төленетін ақшалай төлемдердің кепілдік берілген ең төменгі мөлшері;
  • 4) арнаулы киім — қызметкерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардан қорғауға арналған киім, аяқ киім, бас киім, қолғап, өзге де нәрселер;
  • 5) ауыр жұмыстар — қызметкердің ауыр заттарды қолмен көтеруіне немесе жылжытуына байланысты қызмет түрлері не 250 ккалсағаттан астам күш-қуат жұмсалатын басқа да қол жұмыстары;
  • 6) ауысымдық жұмыс — тәулік ішінде екі не үш немесе төрт жұмыс ауысымындағы жұмыс;
  • 7) әлеуметтік әріптестік — қызметкерлер (қызметкерлердің өкілдері), жұмыс берушілер (жұмыс берушілердің өкілдері), мемлекеттік органдар арасындағы еңбек қатынастарын және олармен тікелей байланысты өзге де қатынастарды реттеу мәселелері бойынша олардың мүдделерін үйлестіруді қамтамасыз етуге бағытталған өзара қатынастар жүйесі;
  • 8) бас, салалық (тарифтік), өңірлік келісім (бұдан әрі — келісім) — әлеуметтік әріптестік тараптарының арасында жасалатын, келісімнің мазмұнын және республикалық, салалық және өңірлік деңгейлерде қызметкерлер үшін еңбек жағдайларын, жұмыспен қамту және әлеуметтік кепілдіктерді белгілеу жөніндегі тараптардың міндеттемелерін айқындайтын құқықтық акт;
  • 9) бос тұрып қалу — экономикалық, технологиялық, ұйымдастырушылық, өзге де өндірістік немесе табиғи сипаттағы себептер бойынша жұмыстың уақытша тоқтап тұруы;
  • 10) біліктілік санаты (разряды) — орындалатын жұмыстардың күрделілігін көрсететін, қызметкердің біліктілігіне қойылатын талаптар деңгейі;
  • 11) бітімгерлік комиссиясы — ұжымдық еңбек дауын тараптарды бітімге келтіру жолымен реттеу үшін жұмыс берушілер мен қызметкерлер (олардың өкілдері) арасындағы келісім бойынша құрылатын орган;
  • 12) бітімгерлік рәсімдері — ұжымдық еңбек дауын алғашында — бітімгерлік комиссиясында, ал онда келісімге қол жетпеген кезде еңбек төрелік сотында өз кезегімен қарау;
  • 13) делдал — еңбек қатынастарының тараптары еңбек дауын шешу жөнінде қызмет көрсету үшін тартатын жеке немесе заңды тұлға;
  • 14) демалыс — жұмыс орны (лауазымы) мен осы Кодексте белгіленген жағдайларда орташа жалақысын сақтай отырып, қызметкердің жыл сайынғы үзіліссіз тынығуын қамтамасыз ету немесе әлеуметтік мақсаттар үшін қызметкерді белгілі бір кезеңге жұмыстан босату;
  • 15) еңбек — адам мен қоғамның өміріне және қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтарды жасауға бағытталған адам қызметі;
  • 16) еңбекке ақы төлеу — осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ келісімдерге, еңбек шартына, ұжымдық шартқа және жұмыс берушінің актілеріне сәйкес қызметкерге еңбегі үшін берілетін сыйақының міндетті төлемін жұмыс берушінің қамтамасыз етуіне байланысты қатынастар жүйесі;
  • 17) еңбекке ақы төлеудің ең төменгі стандарты (ЕАТС) — ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкердің айлық жалақысының сақталуына кепілдік берілген ең төменгі мөлшері, бұған жұмыс процесінде зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсеріне ұшырай­тын қызметкердің өмірлік күші мен қуатын қалпына келтіруге қажетті азық-түлік өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің ең төменгі жиынтығы кіреді;
  • 18) еңбек гигиенасы — қызметкерлердің денсаулығын сақтау, өндірістік орта мен еңбек процесінің қолайсыз әсерінің алдын алу жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық шаралар мен құралдар кешені;
  • 19) еңбек дауы — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану, келісімдердің, еңбек шартының және (немесе) ұжымдық шарттың, жұмыс беруші актілерінің талаптарын орындау немесе өзгерту мәселелері бойынша қызметкер (қызметкерлер) мен жұмыс берушінің (жұмыс берушілердің) арасындағы келіспеуші­ліктер;
  • 20) еңбек делдалдығы — халықты жұмысқа орналастыруда жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган, сондай-ақ жеке жұмыспен қамту агенттігі көрсететін жәрдем;

* 21) еңбек жағдайлары — еңбекке ақы төлеу, нормалау, жұмыс уақыты мен тынығу

4 стр., 1824 слов

Қылмыстық кодекс

... құрамының белгiлерi бар болған жағдайда кiнәлiлердi қылмыстық жауаптылыққа тарту қажеттiгiн немесе, керiсiнше, оларды қылмыстық жауаптылықтан босатуға, заңды негiздер болған жа ... ң мәнi ең алдымен оның құқық нормасының талаптарын орындауды қамтамасыз ету қабiлеттiгiмен түсiндiрiледi. ҚР Қылмыстық Кодексiнде санкцияның үш түрi көрсетiлген: 1). Салыстырмалы – аны ...