Конституция түсінігі мен мәні

Реферат

б) ҚР 1993, 1995 жылдары құрылған конституцияларының айырмашылықтары

және даму сатылары

с) Қазақстан Республикасының конституциясының

құрылыс негіздері

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе.

Бірнеше ғасырлар бұрын адамдар ру-тайпаға бөлініп қоғамдасып өмір сүргендігі және олардың өз тәртіптері яғни сол кездегі өздерінің жазылмаған заңдары болғандығы тарихтан мәлім. Сол кездегі ру ішіндегі тәртіп өмірдің ағымына сәйкес, арадан сан ғасырлар өтіп адамның сана-сезімінің өркендеуі салдарынан тәртіпке деген талаптар күшейіп қоғамда жазбаша түрдегі қағидалар пайда бола бастады. Өткен ғасырлардың данышпандары өз заманында өздерінің шешендік, білгірлік қасиеттерімен елеулі орын қалдыра білді. Мысалы ретінде айта кететін болсақ, «Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады» — деген сияқты тіл байлығы мол, сөзге шебер, қара қылды қақ жаратын «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген қағиданы қатаң ұстанатын, Төле бидей билердің ел арасындағы ереуілдерді әділетті шешулерімен тәртіпке деген талап күшейе бастады.Уақыт өте келе, он сегізінші ғасырда буржуазиялық революциялар жеңіске жеткен сәттен бастап конституциялар халық атынан қабылдана бастады. Ең алдымен конституция дегеніміз не екеніне тоқталсақ: конституция дегеніміз – латын тілінен аударғанда «құрылғы» мағынысын білдіреді, яғни, елдің (мемлекеттің) негізгі заңы, федеративті мемлекеттегі мемлекеттiк -аймақтық құрылымның немесе мемлекеттің жоғарғы заң күшіндегі нормативтік-құқықтық актісі болып табылады. Онда құрылым немесе мемлекеттің саяси, құқықтық және экономикалық жүйелердің негіздері, тұлғаның құқықтық мәртебесі бекітілген.

Ал енді өзіміздің конституциямызға келсек, Кеңес одағы таратылғаннан кейін, екі жыл өткен соң, 1993 жылғы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң он екiншi сайланған тоғызыншы сессиясында тұңғыш Конституция қабылданды. Алайда бұған дейін Кеңестік Социалистік Республика Конституциясы күшінде болып келді. Заман өзгерген сайын, қолданыстағы заңнамаларға да өзгерістер енгізіліп келуде, бұл мемлекеттің өркендеуі, яғни дамыған мемлекеттердің қатарына қосылуға мүмкіндік береді деуімізге болады.

1. Конституция түсінігі мен мәні.

Конституция дегеніміз не? Конституция термині латын сөзінен аударғанда лат. constitio- белгілеу, орналастыру деген мағынаны білдіреді.Ал ,қазіргі түсінік бойынша, Конституция – мемлекеттің Негізгі Заңы болып табыады. Ғылыми, саяси, құқықтық тұрғыда Конституция материалдық, нысандық мағынада өзіндік мән-мағынаға ие. Конституция материалдық мағынада – ең бірінші, елдегі адамның, азаматтың жеке құқықтары мен бостандығын жариялайды, оған кепілдік береді, елдегі әлеуметтік құрылыстың негіздерін, басқару мен мемлекеттік құрылымның нысандарын, жергілікті, орталық билік органдарының негіздерін, құзіреті мен өзара қарым-қатынастарын, мемлекеттің рәміздерін, астанасын айқындайды, осылардың бәрі жөніндегі өкімдік акт, актілердің немесе конституциялық рәсімдердің жиынтығы болып саналады. Конституция нысандық мағынада – барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңи күшке ие заң немесе заңдар тобы болып есептеледі. Яғни, Конституция – елдің бірлігі, берекесі, тыныштығы, оны іс жүзінде жүзеге асыратын қуатты күш, ол – конституциялық құрылыстың құндылықтары мен институттары, нормалары, әлеуметтік байланыстар мен мемлекеттік биліктің қатынастарын мемлекеттік – құқықтық реттеу негіздері ресми түр де баянды етілетін ең жоғары құқықтық нысан, осы заманғы мемлекеттіліктің маңызды белгісі.

3 стр., 1372 слов

Конституция реферат қазақша

... не егемендікті қолдаушы болып табылады. Сондықтан ол құрылтайшылық биліктің иесі. Нақ Конституция арқылы Қазақстан халқы мемлекетті құрады, оның ... қ сипаты мен тарихи мәні қасйетті акт ретінде азаматтардың Конституцияға деген қөұрмет сезімін қалыптастыру, бірінің соңынан бірі келетін ұрпа ... өзгерістер аясында туды. Сондықтан да ол өзіне айырықша мұқият қарауды, нақ осындай түрінде, қабылданған ...

Әрбір жеке тәуелсіз мемелекеттің ғасырлар бойы өз құнын жоғалтпай, мұра болып келе жатқан заңдар жинағы болады. Осындай Ата Заң біздің елімізде де, яғни Қазақстан Республикасында қабылданды. Бірақ, осыншама қысқа мерзімде өз Конституциямызды қабылдағанда, бізге таң қалған ел аз болған жоқ. Біз олардың ешбіреуіне мән бермей, өлшеулі уақыт, табанды талап, шығармашылық іс-әрекеттің арқасында алға қойған мақсатымызға жеттік. Сөйтіп, Қазақстан Республикасы өзін демократиялы, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемелекет екенін Конституциясымен бүкіл әлемге мойындатты. Қазақстан Республикасының Конституциясы тәуелсіз егемен мемелекеттің конституциялық дамуының жаңа кезеңіне жол ашқан акт болды. Конституцияның қабылдануы конституциялық құрылыстың құқықтық негізін қалады, мемлекеттік тетік және қоғамдық, саяси жүйенің негізгі принциптерін орнықтырды. Адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі. Конституция Қазақстан Республикасы дербес мемелекет ретінде ұлтына қарамастан онда тұратын барлық адамдардың еркіне сәйкес құрылды. Конституцияның алғы сөзінде «Біз ортақ тарихы бар тағдыр біріктірген Қазақстан халқы…» деп жазылған сөйлемнің мағынасының тамыры өте тереңде екенін ұғуымыз керек. Бұл құр босқа жазыла салған сөз емес. Себебі, Қазақстан халқының тарихи тағдырының бірлігі Қазақстан аумағында көптеген ұлт өкілдерінің ондаған жылдар бойы бірге тұруы нәтижесінде қалыптасты. Олар әр кезеңде әр түрлі жолдармен қоныс аударды. Қазақ халқымен бірнеше ұрпақтардың өміріндегі Қазақстанда болған саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени оқиғалардың қатысушылары мен куәгерлері болды. Олар бірігіп, өздерінің тәуелсіздігін қорғай отырып, жеңіс үшін майданда бірге ерлік көрсетті.

2. ҚР 1993, 1995 жылдары құрылған конституцияларының айырмашылықтары және даму сатылары.

Тәуелсіз Қазақстан Республикасы құрылғаннан кейін, Қазақстанның барлық азаматтары жаңа мемлекетті таныды. Сөйтіп, олар өткен кезеңдегі тағдырларының тарихи бірлігін іс жүзінде дәлелдей отырып, бірауыздан жаңа мемлекетті бірлесе құруға әзір екендіктерін білдірді. Қазақстан Республикасының Конституциясының идеяларын, принциптерін және нормаларын саяси, құқықтық жағынан талдау еліміздің экономикалық-әлеуметтік, рухани тұрғыдан өсуіне серпіліс пен қуат беретінін көрсетеді. Кеңестер Одағының ыдырауымен және тәуелсіз мемлекет құрылуымен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау қажеттілігі туған соң оны 1993 жылы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі қабылдады. 1993 жылғы Конституция еліміздің тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуында маңызды алғышарттардың бірі болды. Сонымен қатар, оны қабылдаған Жоғарғы Кеңес те өзінің жаңа мемлекет құруда тәжірибесінің жоқтығынан тәуелсіз елдің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының көрінісін белгілей алмады. Қоғамның саяси-құқықтық санасында мемлекет, қоғам, азамат жөнінде бұрынғы кеңестік ұғым басым болды. Демократиялық институттар, басқарудың президенттік үлгісі қалыптаса бастағанымен, Конституция ол бастамалардың құқықтық негізі бола алмады.

7 стр., 3357 слов

Конституция Украины про права и свободы человека. Состояние правовой ...

... на практике. Состояние прав человека в Украине на сегодняшний день: Починаючи з серпня цього року стан з правами людини в Україні значно ... Права́ человека — права, в рамках определённых идеологий (в частности, либерализма и, в значительной мере, социализма), считаемые принадлежащими прирождёнными и неотъемлемыми для каждого челов 8 декабря 2004 Верховная Рада Украины приняла изменения в Конституцию ...

Мемлекеттік биліктің бөліну принципін формалды түрде жария ете отырып, 1993 жылғы Конституция оларды іске асыру ережелерін белгілемеді. Меншікке қатысты мәселелерде де кеңестік көзқарас болды, ал меншік өз кезегінде нарықтық экономиканың өзегі болып табылатыны белгілі. Конституция бұрынғы сот жүйесін де өзгеріссіз қалдырып, нағыз тәуелсіз сот құруға қажетті негіздерді қарай алмады. Мысалы, 100-бапта судья өкілеттілігі 10 жыл деп қана бекітілген, ал бүкіләлемдік тәжірибе көрсеткеніндей, судья мәртебесі мәңгілік болса ғана оның тәуелсіздігін қамтамасыз етуге болады. Жалпы алғанда, 1993 жылғы Конституция біршама жетілдірілгені болмаса, өмір сүру қабілеті қазіргі заманға бейімделмеген социалистік мемлекеттің Конституциясы болып қала берді. Басқаша айтқанда, ол қабылданбай жатып ескірді. Осы себептермен жаңа Конституция қабылдау уақыт күттірмейтін қажеттілік болды. 1993 жылғы Конституцияның қабылдануы негізгі мақсатымызға жеткізбегендіктен, мемлекет алдында тұрған барлық көкейкесті проблемаларды шеше алмағандықтан, Мемлекет басшысының тікелей бастамасымен және жедел басқаруымен, белсенді қатысуымен бір топ заңгерлер жаңа Конституция жобасын әзірледі. Ол халықтың қызу араласып, белсенді талқылауында болып, заң ғылымы мен тәжірибелі мамандардың беделді өкілдерінен тұратын Президент құрған сарапшы консультативті кеңестің кәсіби сараптамасынан өтті.

Тек содан кейін ғана 1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.1995 ж. желтоқсанда екі палаталы (жоғарғы палаталы — Сенат, төменгі палаталы —Мәжіліс) Парламентке сайлау өткізілді. Конституцияны қабылдай отырып, Қазақстан халқы мемлекеттік билiктiң қайнар көзi — өзiнiң егемендiк құқығын баянды еттi. Ата заң қабылданған күн демалыс — мемлекеттік мереке — Қазақстан Республикасының Конституциясының күнi деп жарияланды. Бұл жаңа Конституция Қазақстанның төртiншi Ата заңы (1937, 1978, 1993, 1995).

12 стр., 5591 слов

Основы учения о конституции

... в себя формировавшиеся основы российского конституционного строя. Цель исследования. Исследование основ учения о конституции для регламентации ... Конституции РФ разнообразные теории, придерживающиеся разных выводов, разрешают ряд фундаментальных теоретических положений, касающихся сущности и форм Конституции РФ через плоскость реализации конституционализма в РФ. Видовой состав конституций ...

Оның құрылымы кiрiспеден, 9 бөлiмнен, 98 баптан, көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады. Жаңа Конституцияның ең жоғары заңдық күшi бар және ол ҚР-ның бүкiл аумағында тiкелей қолданылады. Мұның өзi Конституциялық нормалар мен заңдардың басқа нормативтiк құқықтық актiлердiң нормаларынан үстем екендiгiн көрсетедi. Кейiнгi екi Конституцияның алдыңғы екеуiнен елеулi айырмашылығы сол — бұлар тұңғыш рет мемлекеттік тәуелсiздiктi, егемендiктi және Қазақстан халқының толық билiгiн бекiтiп, одан әрi орнықтырды. Жаңа Ата заңда құқықтық мемлекеттiң қалыптастырылу бағыттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, соның iшiнде жеке адамның жан-жақты еркiндiгi, идеолологиялық және саяси әр алуандығы (саяси партиялар мен бұқаралық партиялар, сондай-ақ бұқаралық қозғалыстар бiрлестiгiн құру еркiндiгi), халық билiгiн 10 жүзеге асыратын демократиялық амалдар, экономикалық қатынастардың қызмет етуi әлемдiк талаптарға сәйкестендiрiлген. Оның нормалары тұрақты, жалпы мәнде ұзақ жылдарға бейiмделiп тұжырымдалған.

Конституцияның тағы да басқа заңдардан айырмашылығы:

1. Мемлекеттің құрылымын, негізгі құқықтары мен бостандықтарын бекітіді, мемлекет формасын және мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарының жүйесін анықтайды.

2. Жоғарғы заң күшiне ие.

3. Салыстырмалы тұрақтылықпен ерекшелінеді.

4. Ағымдағы заң үшiн база болып табылады.5

5. Қабылдану және өзгерiстiң ерекше ретiмен ерекшеленеді.

3. Қазақстан Республикасының конституциясының құрылыс

негіздері.

ҚР Конституциясы барлық заң салаларының негiзi болып табылады, ал оның нормалары басқа заңдар үшiн басты қағида болып есептеледi. ҚР Конституциясының кiрiспесiнде Ата Заңды қабылдаудың себептерi мен мақсаттары былай түсiндiрiлген: ―Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тiлей отырып, қазiргi және болашақ ұрпақтар алдындағы тарихи жауапкершiлiгiмiздi сезiне отырып, өзiмiздiң егемендiк құқығымызды негiзге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз‖. Ата Заңның бұл бөлiгi саяси және идеололгиялық тұрғыдан алғанда аса маңызды. Өйткенi, бұл Ата заң ҚР-нда демократиялы, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құрудың конституциялық негiзiн қалады. Осыдан келiп, ҚР-ның мынадай негiзгi мақсаты туындайды: өзiнiң ең қымбат қазынасы ретiнде адамды және оның өмiрiн, құқықтары мен бостандықтарын айқындап, бекiту; өз елiнде және мемлекеттер арасында азаматтық бейбiтшiлiктi, ынтымақтастық пен тату қарым-қатынас жасау әдiстерiн орнықтыру; байырғы қазақ жерiнде мемлекеттік бiрлiктi сақтау; республиканың тәуелсiздiгiн сақтап, ұстап тұру; ҚР-ның демократиялық негiздерiнiң мызғымастығын бекiту. Осыған орай республика қызметiнiң түбегейлi қағидалары айқындалады, олар: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкiл халықтың игiлiгiн көздейтiн экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмiрiнiң аса маңызды мәселелерiн демократиялық әдiстермен, оның iшiнде 11республикалық референдумда немесе Парламенттiк дауыс беру арқылы шешу (1-бап, 2-тармақ).

Ата Заңның негiзгi бөлiгiнде (I — VIII бӛлiмдер) азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен мiндеттерi туралы, конституциялық құрылыс жайлы, мемлекеттік нысандар жөнiнде, мемлекеттік буындардың жүйесi мен мәртебесi туралы (Президент, Парламент, Үкiмет, Конституциялық Кеңес, соттар, және сот төрелiгi, жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзiн-өзi басқару туралы) нормалар тұжырымдалған. Қорытынды және өтпелi ережелер мазмұндалған соңғы IХ бөлiмде Ата Заңға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбi, конституциялық заңдар мен өзге де заңдарды қабылдау рәсiмi сөз болады. Ата Заң құрылымына жасалатын талдау оған негiз болған конституциялық идеялардың айқын көрiнiсiн бередi. ―Жалпы ережелер деп аталатын 1 бөлiмде жаңа конституциялық құрылысқа сапалық сипаттама берiлген, яғни Конституция бойынша республикада мемлекеттік билiк бiртұтас, ол Конституция мен заңдар негiзiнде заң шығарушы, атқарушы және сот билiгi тармақтарына бөлiну, олардың тежемелiк әрi тепе-теңдiк жүйесiн пайдалану арқылы, өзара iс-қимыл жасау қағидаcына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл бөлiмде осыған орай конституциялық құрылысты айқындайтын, мемлекет пен жеке адамдардың және азаматтық қоғамның қарым-қатынастарынан туындайтын негiзгi қағидалар тұжырымдалған, олар: Қазақстан халқының толық билiгi (егемендiгi); Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы; мемлекеттік билiктi жүзеге асыру барысындағы пiкiр еркiндiгi; Конституцияның үстемдiгi (жоғары тұратындығы); мемлекет билiгiнiң бөлiнiсi; адам құқықтары мен бостандықтарының мемлекет мүдделерiнен басымдығы; мемлекеттік тiл саясатының кепiлдiгi, т.б. Азаматтық қоғамда мемлекет адам мүддесi үшiн жұмыс iстейдi, мемлекеттік билiк заң шығарушы, атқарушы және сот билiгi тармақтарына бөлiнiп, олардың тежемелiк, тепе-теңдiк жүйесi пайдаланылады. ҚР конституциялық құрылысының мазмұны саяси, экономикалық негiздерден, әлеуметтік саясат негiздерiнен, iшкi саясат негiздерiнен құралады. Қазақстанда демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет құру барысында, басқа мемлекеттік органдармен қатар Әділет министрлігі мен оның аумақтық органдарының қосатын үлесі зор. Атап айтқанда, 2002 жылдың 18 наурызында қабылданған «Әділет органдары туралы» заңына сәйкес, әділет органдары жергілікті өкілді және атқарушы және басқа да органдардың, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына және олардың заңды мүдделеріне қатысты ұсынған нормативтік құқықтық актілеріне заң сараптамасын жүргізіп мемлекеттік тіркеуді жүргізеді, заңды тұлғалар мен олардың филиалдарын мемлекеттік тіркеуден өткізеді, зияткерлік меншік құқықтары жөнінде, яғни авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау саласында қызмет атқарады, діни бірлестіктермен байланыс жасайды, оларды тіркеуден өткізеді, азаматтық хал актілерін тіркеу және апостилдеу жұмысын жүзеге асырады сонымен қатар, азаматтарды төл құжат және жеке куәлікпен қамтамасыз етеді, сондай-ақ оларды тұрғылықты жері бойынша тіркеуге алып тіркеуден шығарады, жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеудi жүргізеді. Халыққа құқықтық көмек және заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастырады. Сонымен қатар қолданыстағы 16 заңнамаларға сүйене отырып өз құзыреті шегінде басқа да қызметтер атқарады. Дүние жүзілік тәжірбиеде көрсетілгендей адамға деген сыйласымдық, жеке өмірі мен бостандығының қорғалуы, қоғам дамуының айқын көрінісі. Сондықтанда құқықтық мемлекетіміздің азаматтарының мемлекет алдындағы жауапкешілігі алдынғы орындарда тұруы қажет.Сол себепті Конституцияға сәйкес мемлекеттiк билiктiң бiрден-бiр бастауы – халық болып табылады. Мемлекетіміздің қоғамдық жұмысына белсене араласқан ерікті азаматтар, мемлекетке өз үлесі мен пайдасына қызмет жасамаған азаматтардан беделі жоғары тұрады. өз азаматтарының құқығы мен жеке бас бостандығын жоғары қойған мемлекет, күнделікті өмірде өзін барлық мемлекет арасында жоғары деңгейден көрсете алады.

3 стр., 1302 слов

Сертификаттау туралы жалпы түсінік

... ң белгіленген талаптарға сәйкес жазбаша растауы; Сәйкестік сертификаты –мемлекеттік сертификаттау жүйесінің ережелері бойынша берілген, өнімнің, жұ ... ғаны және Қазақстан территориясынан тікелей жөнелтілгені туралы құжаттар қажет. Тегі туралы сертификат бір шетке шығарушының жіберген ... өнімге келісім шарт жасағанда; мемлекеттік органдардың мемлекет тапсыратын орналастыратын кәсіпорындарды таңдап алуда;

5 стр., 2342 слов

Конституция — основа правовой системы республики башкортостан

... подписанию Федеративного договора с Приложением от Республики Башкортостан, принятию новой Конституции Республики Башкортостан. Конституция Республики Башкортостан представляет собой основной источник конституционного права ... сотрудничества. Все темы данного раздела: М.Г.Рахимов, Президент Республики Башкортостан Конституции Республики Башкортостан исполнилось пять лет. Сего­дня, оглядываясь назад, ...

Қорытынды.

Конституция тек мемлекеттің ғана емес, қоғамның да Ата заңы болып

табылады. Осы идеяның меншікке, азаматтардың құқықтары мен

бостандықтарына, қоғамдық бірлестіктерге, отбасына және тағы басқаларға

қатысы бар екендігін ұмытпауымыз керек.

Конституцияны қабылдай отырып, Қазақстан халқы мемлекеттік

биліктің бірден-бір қайнар көзі-өзінің егемен құқығын іске асырды. Сөйтіп,

біз Конституцияда қаланған құқықтық мемлекетті және азаматтық қоғамды

қалыптастыру жолын таңдап алдық.

Әрине, Қазақстан халқының егемен құқығы тек Конституция

қабылдаумен тиянақталып қалмайды. Ол мемлекеттің аса маңызды

мәселелерін шешу үшін халықтың бойындағы барлық конституциялық-

құқықтық мүмкіндіктерді де жинақтайды.

Мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін талқылау және шешу

кезінде әрбір құқықтық санасы жоғары азамат Конституцияда бейнеленген

жауапкершілікті сезінуі қажет. Қоғамның бүгіні мен болашағы үшін, жалпы

алғанда өз Конституциямызды құрметтеп, қорғап және маңыздылығын

жоғалтпай сақтауымыз біздің, яғни әрбір Қазақстан Респулбликасындағы

азаматтың міндеті мен парызы. Себебі, бұл Конституция — Қазақстан

Республикасының Ата Заңы.

Қолданылған әдебиеттер.

1. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы.

Алматы: Жеті жарғы, 2008.-536 бет.

2. Баққұлов С. Құқық негіздері. Алматы, 2004.-248 бет.

3. Оспанов Қ. Құқық негіздері. Алматы: Жеті жарғы, 2006.-296 бет.

4. Баянов Е. Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының

негіздері. Алматы, 2003.-692 бет.

5. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Елорда, 2008.-56 бет