2. Өнімді сертификаттауды ұйымдастыру және сертификаттауды жүргізу тәртібі.
3. Өнімді сертификаттау түрлері.
4. Қазақстан Республикасында өнімді сертификаттау.
5. Дүниежүзілік, халықарылық сертификаттау жүйесі.
Өнім сертификациясы өнімнің белгілі бір талаптарға сай екендігін растайтын әдістің бірі.
Ұлттық сертификация жүйесі әрекет етуші дүниежүзілік ИСО және СЕРТИКО құқықтары мен нормаларына сәйкестендіріліп құрылады.
Сертификациялаудың сәйкестікті растау процедурасынан айырмашылығы ол тұтынушы және дайындаушыдан тәуелсіз үшінші жақпен орындалады, бұл өз кезегінде оның нәтижесінің объективтілігіне кепілдік беріледі.
1- кесте
Өнімді сертификациялауды ұйымдастыру.
Құқықтық аймақ |
Сату аймағы |
Тұтынушылар аймағы |
Нарықтық бәсеке орнаған жағдайда яғни нарықтық бағаның сферадан өнім сапасы сферасына ауысқанда сертификация нарықтық экономиканы тиімді қалыптастырудың ажырамас бөлігі болады. Жалпы сертификация кезінде келесілер жүргізіледі: алғашқы сәйкестікті растау үшін өнімді сынау; периодты процесте сәйкестіктің тұрақтылығын тексеру; өндіріс жағдайын алғашқы бағалау; сертификатты бергеннен кейін сертификацияланған өнімді инспекциялық бақылау.
Сертификаттау –дайындаушы (сатушы, атқарушы) мен тұтынушыға, сатып алушыға тәуелсіз мекеменің, өніміне, жұмысына қызмет көрсетудің нормативтік құжаттарының белгіленген талаптарға сәйкес жазбаша растауы;
- Сәйкестік сертификаты –мемлекеттік сертификаттау жүйесінің ережелері бойынша берілген, өнімнің, жұмыстың, техникалық регламенттердің, стандарттардың немесе өзге де нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін көрсететін құжат.
Сертификаттау туралы заң Қазақстан Республикасындағы өнімдерді, сапа жүйелері мен өндірістерді, бұдан ары процестерді сертификаттаудың құқықтық негіздерін белгілейді, сертификаттау саласындағы қатынастарды реттейді, сертификаттауға қатысушылардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін анықтайды.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сертификаттау мына принципте жүргізіледі:
- өнім туралы мәліметтің дұрыстығын қамтамасыз ету;
- өндіруші мен тұтынушының тәуелсіздігі;
- сынақтың кәсіби түрде өтуі;
- шетелдік өтініш берушілерге қысым жасамау;
- өтініш берушінің сертификаттау органын, сынақ зертханасын таңдап алуға еріктілігі және сертификаттауға қатысатын адамдардың жауапкершілігі;
- сертификаттау туралы ақпарат ашықтығы немесе сәйкестік (белгісі) сертификатының уақытының біткендігі, жойылғандығы жөніндегі ақпарат;
- сертификаттау объектісінің ерекшелігін ескере отырып, өндіру және тұтынуды сараптауға қажетті сынақ тәсілінің көп түрлігі;
- сертификаттау жұмысында ИСО аймақтық ұйымдар, халықаралық құжаттардың нұсқаулары мен ережелерін пайдалану;
- ақпараттық коммерциялық құпиясын ашпау;
- қажет болған жағдайда сертификаттау жұмысына тұтынушылар қоғамын қатынастыру.
Сертификаттаудың негізгі мақсаттары мыналар болып табылады: адамдардың өмірі мен денсаулығы, азаматтардың мүліктері мен қоршаған ортаны қорғау, өнімдердің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- өнімдер мен қызмет көрсетулердің сапасы мәселелерінде тұтынушылардың мүдделерін қорғау;
- саудадағы техникалық кедергілерді жою, өнімнің ішкі және сыртқы нарықтық бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету;
- заңды және жеке тұлғалардың Қазақстанның бірыңғай тауар нарықтық қызметі үшін, сондай-ақ халықаралық экономикалық, ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа және халықаралық саудаға қатысуы үшін қажетті жағдайлар жасау.
Өнімдерді сертификаттау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі бойынша міндетті түрде сертификаттау, импорттық өнімдерге де бекітілген.
Біртекті өнімдерді өзіндік ерекшеліктері бойынша сертификаттау жүйесі келісімді тәртібін жасайды.
Тәртіп, өнім сипаты таңдап алынған сертификаттау құрылымы бойынша, сертификатталатын өнім нормалық құжаттың қандай талаптарына сай келуін, сертификаттау жұмысы қандай кезекпен жүргізілуін және оның маңызын анықтайды.
Сертификаттау тәртібі ИСО нұсқауларының жалпы принциптеріне сай болуы керек. Сертификатталатын кезінде тексерілетін тауардың сипаты мына нышандарға қарай таңдап алынады:
- өнімнің бірдейлігін анықтау мүмкіндігі (белгілі-бір өндіріс партиясына жатады);
- тапсырылған өнімнің техникалық құжатына сәйкестігі;
- алынған параметрлер қауіпсіздік нормасын, экологиялық өнімге нормалық құжаттарда бекітілген талаптарға сәйкес толық және шын анықталуы;
- заң актілеріне сәйкес, міндетті сертификаттауда, басқа талаптарды көрсететін қажетті параметрлерді анықтау.
Сертификаттау құрылымын таңдап алғанда өнімді өндірген өндірістің, сынақтың, тапсырудың, нақты өнімнің пайдасының ерекшеліктері еске алынады. Сертификаттау құрылымы Мемлекеттік стандартпен немесе өкілетті сертификаттау органдарымен анықталады.
Өз еркімен сертификаттауда өтініш беруші сертификаттау құрылымын таңдап алып сертификаттау органына ұсынады.
Өнімді сертификаттау тәртібі:
1. Сертификаттауға өтініш беру. Өтініш беруші өтінішін сертификаттау органына, ол жоқ болса ҚР Мемстандарт комитетіне береді. Сертификаттау органы өтінішті қарап, өтініш берушіге сертификаттауды қандай орган жүргізетінін хабарлайды. Қажет болған жағдайда қосымша мәліметтер беріледі.
2. Үлгі алу, бірдейлігін анықтау және сынақ жүргізу. Сынақ үлгісін атестатталған сынақ зертханасы немесе сертификаттау органдарының өкілетті мекемелері жүргізеді. Сынақтан өткен үлгі сертификаттау жүйесінің нақты өнімге тарайтын ережесі бойынша сақталады.
3. Өндірісті бағалау. Таңдап алынған сертификаттау құрылымы бойынша өндірістің жағдайы немесе сапа жүйесінің сертификаты талданады. Өндірісті бағалау тәсілі сәйкестік сертификатында көрсетіледі.
4. Сәйкестік сертификатын беру. Өнімнің сапасы жөніндегі сынақ хаттамасы, өндірісті бағалау нәтижесі және басқа құжаттар сертификаттау органында талданылып, өнімге қойылған талаптарға сәйкес немес сәйкес емес екендігі туралы тұжырым жасалады. Бағалау нәтижесі жөнінде эксперттің қорытындысы жасалып, оң шешім болғанда сертификаттау органы сәйкестік сертификатын береді. Өнімге қауіпсіздігі жөнінде арнаулы талаптар (санитарлық, ветеринарлық т.б.) қойылатын болса, сертификат тек қана арнаулы сертификаты (гигиеналық, ветеринарлық, фитосанитарлық т.б.) болса ғана беріледі.
Сертификаттың пайдалану мерзімін сертификаттау органы бекітеді, бірақ 3 жылдан көп болмауы керек.
5. Сәйкестік белгісін пайдалану. Дайындаушы сертификаттауорганынан лицензия алып, сертификатталған өнімді сәйкестік белгісімен белгілеу құқын алады.
6. Инспекциялық бақылау. Сертификатталған өнімге инспекциялық бақылау сертификат мерзімінің ішінде жүргізіледі, бірақ жылына 1 мәртебеден аз болмауы керек.
Қазақстан Республикасы территориясында өндірілетін, сатып алынатын және әкелінетін бірінші кезекте міндетті сертификаттауға жататын біртекті өнім топтарының тізімі:
- Балалар тауарлары, ішетін су
- Тағамдық өнімдер, ауылшаруашылығы өндірісінің және азық өндірісінің өнімдері
- Медициналық техника
- Емдік препараттар мен өсімдіктер
- Терімен, тағамдық өнімдермен және ішетін сумен байланысты халық тұтынатын тауарлар
- Жанармай шикізаты
- Тұрмыстық химия тауарлары
- Парфюмерия, косметика
- Улы химикаттар, минералды тыңайтқыштар
- Тұрмыстық машина жасау және құралдар жасайтын өнімдер
- Ауыл шаруашылығы техникасы
- Жол және құрылыс машиналары
- Жекелей қорғау құралдары
- Электромагниттік үйлесімдер және қауіпсіздігін сынайтын электротехникалық, радиотехникалық, электрондық бұйымдар
- Құрылыс материалдары мен конструкциялар
- Байланыс құралдары
- өрт жарылыс қауіптілігі бар заттар, материалдар және бұйымдар
- әуе құралдар, олардың құрамындағы бөлшектер және әуежай көліктерін пайдалану
- Азаматтық су кемелері, өзен және кіші кемелер, кеме салқындатқыш қондырғылар, жүк көтергіш қондырғылар мен контейнерлер, материалдар мен бұйымдар, кеме жасауда пайдаланатын жылжымалы құрылымдар, қуат, сигнал және байланыс қондырғылары.
- Автокөліктер
- Тау-кен шахтасының қондырғылары, рудалық электр бұйымдары, жарылыс жұмыстары үшін жарылғыш материалдары мен қондырғылары, қысым ыдыстары мен жүк көтеретін машиналар.
Тауардың тегін сертификаттау.
Тауардың тегінің сертификаты –аталған тауардың өндірілген елін көрсететін құжат.
Тегіннің сертификаты кедендік территориядан шығару үшін емес ол:
- кіретін кедендік салықты төмендету үшін қажет;
- тауар шындық түрде аталған елде өндірілгені туралы куәләндіру үшін қажет.
Тегінің сертификатын жасау үшін –Қазақстан Республикасының өкілетті органдары ғана тауардың осы елде өндірілетін растауы, Қазақстан территориясында тіркелген фирмада шығарылғаны және Қазақстан территориясынан тікелей жөнелтілгені туралы құжаттар қажет. Тегі туралы сертификат бір шетке шығарушының жіберген тауардың бір партиясына, бір тауар-тасымалдау және бір есеп-фактура құжаттарына беріледі. Жарамдылық мерзімі 10 ай. Әрбір сертификат сараптау актысымен негізделеді.
Тегі сертификаттың түрлері.
СТ-1 СТ-ТМД елдеріне беріледі. Жалпы форма –барлық елдерге беріледі.
Тегінің сертификатын алу үшін қажетті құжаттар.
1. Фирманың Қазақстанда тіркелгендігін және коммерциялық қызметпен растайтыны туралы құжаттар.
2. Тауар –жолдамасы.
3. Экспорт пен импорт жасау шарты.
4. Тауар-тасымал құжаты.
5. Есеп-фактура.
6. Қазақстанда жасалғанын растайтын құжат.
7. Өнім паспорты.
8. Өнімнің сипаты.
9. Пайдалану нұсқауы.
10. Сәйкестік сертификаты.
11. Өнімнің сызылымы.
12. Техникалық шарт.
13. Технологиялық үрдістің қысқаша жазбасы.
14. Тауарды дайндаушыдан алғаны туралы құжат.
15. Шеттен келтіруші мен кетірушінің шарты.
16. алдын-ала төлем жөніндегі есеп немесе құжаты.
Сапа жүйесін және өндірісті сертификаттау.
Сапа жүйесін және өндірісті (ҚР БҚ 50 3.4-94) сертификаттау, экономикалық және басқа жағдайларға байланысты туып отыр. Сапа жүйесін және өндірісті сертификаттау нәтижесі мынандай жағдайда қолданылуы мүмкін:
- өнімді сертификаттауда;
- жеткізілетін өнімге келісім шарт жасағанда;
- мемлекеттік органдардың мемлекет тапсыратын орналастыратын кәсіпорындарды таңдап алуда;